Білім
1 мин оқу 371

Қазақстанда 500-ден астам «Жайлы мектеп» салынады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жаңа форматтағы мектептер мен ауданаралық емханалар салу жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Қазір «Жайлы мектептер» жобасы жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда біз жаңа форматтағы 500-ден астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет оларға бюджеттен 2,6 трлн теңге бөледі. Сондай-ақ 32 ауданаралық емхана ашылады. Қағида өте қарапайым - біз кез келген науқасты осы аудандық емханаға бір сағат ішінде жеткізуіміз керек», деді Серік Жұманғарин Қостанай облысының жұртшылығымен және бизнес-қоғамдастығымен кездесуде.

Бөлісу:
Қазақстанда 500-ден астам «Жайлы мектеп» салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар