Қазақстан
1 мин оқу 192

Сенаторлар елдің арнайы экономикалық аймақтарының жағдайын тексерді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында болды. Олар арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіру тетіктерін зерделеу мақсатында АЭА-ның бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Сенаторлар еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды дамытуға және экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестиция тартуға бағытталған «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болды. Депутаттарға экономикалық аймақтың жалпы аумағы 9 субаймақтан тұратыны және ауданы 2 140 гектарды құрайтыны туралы ақпарат берілді.

Парламентшілер жол битумын өндіру жөніндегі кәсіпорынның жұмысымен танысып, «Құрық порты» мен «Ақтау теңіз сауда портын» аралады.

«Біздің келуіміздің мақсаты – арнайы экономикалық аймақ қызметімен танысу, құрылыстың аяқталмауы және инфрақұрылымды жүргізу, өңдеу өнеркәсібіне жеке инвестицияларды тарту деңгейі бойынша мәселелерді талқылау, сондай-ақ арнайы экономикалық аумақтарында қолданыстағы және іске асырылып жатқан жобаларды қарастыру», деді комитет төрағасы Серікбай Трұмов.

Депутаттар комитет мүшелерінің өңірлерге сапарының қорытындысы бойынша «Арнайы экономикалық аймақтардың нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілетінін айтты. Онда осы сапарда көтерілген барлық проблемалық мәселелер талқыланбақ.

 

Бөлісу:
Сенаторлар елдің арнайы экономикалық аймақтарының жағдайын тексерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар