Қазақстан
1 мин оқу 354

Уақыт талабы

<p style="text-align: justify;">Астанада Қырғыз Рес&shy;публикасының мәдениет күндерінің өтуі қос елдің ынтымақтастығын арттыра түскені анық.</p>

Уақыт талабы

Іс-шараның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы гуманитарлық байланыс­тарды нығайту. Аталған іс-шарадан бөлек, Astana Media Week 2022 медиа апталығына қатысу бақыты бұйырды. Ақпараттық технология дамыған заманда мұндай ауқымды іс-шараны өткізу – уақыт талабы. Жергілікті журналистермен қатар, шетелдік білікті мамандардың басын қосқан медиа апталық отандық журналистиканың дамуына серпін беретініне сенім мол. Қырғыз халқы Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға құлақ түріп жү­реді. Бұл ретте, жалған ақ­параттар таратыл­май, сапалы өнімдердің ұсынылуы маңызды. Қос ел арасында әр саладағы байланыс нығая түседі деген сенімдемін.

Алтынбек МАҚСҰТОВ,

Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі

Бөлісу:
Уақыт талабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар