Спорт
1 мин оқу 224

Элиталық кезеңге жолдама алды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Алматының &laquo;Қайраты&raquo; футзалдан өткен Чемпиондар лигасының топтық турнирінде үшінші орынды иеленіп, элиталық кезеңге жолдама алды.</p>

Элиталық кезеңге жолдама алды

Бельгияда өткен жарыстың соңғы кезде­суінде жерлестеріміз Францияның «Спор­тин­гімен» сайысқа түсті. Бәсекені өте қарқынды бастаған біздің жігіттер алғашында үш доп айырмашылығымен алға шықты. Бұл голдардың авторлары – Дәурен Тұрсағұлов, Кайо және Диего Фаверо. Екінші кезең бел ортаға жеткенде қарсыластар тегеурінін күшейтті. Со­ның нәтижесінде Болинья мен Финео есеп айыр­ма­шылығын қысқартты. Алайда одан әріге олардың әлі жетпеді. Осылайша, 3:2 есебімен жеңіске жеткен алматылықтар элиталық кезеңде күш сынасу құрметіне ие болды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» Бельгияның «Халле-Гооик» (2:2) және Испанияның «Пальма» (2:2) клубтарымен тең ойнаған еді.

Ал Рудныйдың «Аятына» ондай бақ бұйыр­мады. Алғашқы екі ойында олар Хорватияның «Ново Вриемесімен» (2:2) тең ойнағанымен, Португалияның «Спортингіне» (1:7) есе жіберді. Шешуші матчта отандастарымыз жергілікті «Пулеге» (2:5) жол берді.

Бөлісу:
Элиталық кезеңге жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар