Ауа райы
1 мин оқу 404

Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктерінің болжамы бойынша елордада және Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

31 қазанда Астанада көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында-тұман, көктайғақ күтіледі. 

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында-көктайғақ, төменгі боран болады. Облыстың орталығында жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында-тұман, көктайғақ болады. 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с дейін жел соғады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жел болады деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, төменгі боран болады. 

Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғып 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыста, Маңғыстау облысының орталығында тұман болады. Солтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Бөлісу:
Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар