Теннис
1 мин оқу 150

Голубев пен Недовесов Швейцарияда жеңілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базельдегі ATP 500 турнирінің финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық жұп жартылай финалда хорватиялық Иван Додиг пен америкалық Остин Крайчекпен алаңға шықты. Бірінші партия барысында брейк жасаған хорватиялық-америкалық жұп таразы басын өздеріне аударды. Есеп - 6:3. Бұл жағдай екінші сетте де қайталанды. Есеп - 6:4.

Дегенмен, Голубев пен Недовесов үшін бұл дода табысты болды. Себебі қазақстардық спортшылар өз спорттық мансабында жұп болып, алғаш рет ATP 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетті.

Бөлісу:
Голубев пен Недовесов Швейцарияда жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар