Шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды
<p style="text-align: justify;">Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Монреальда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
А тобындағы финалда Қазақстанмен Италия, Оңтүстік Корея және Канада ойнады. Бұл төрттікте Оңтүстік Корея мәре сызығын бірінші болып өтті (7:01,850). Біздің құраманың нәтижесі: 7:07.972. Қола жүлде Канадаға бұйырды.
Бұған дейін Монреальда шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы финалға шыққан болатын. Жартылай финалда Қазақстан, Канада, Қытай және Жапония командалары бақ сынады. Бірінші болып 5 шақырымды 7 минут 9 секундта бағындырған Канада құрамасы келді. Құрамында Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиши бар ұлттық құрама олардан 2 секундқа (7:11 секунд) қалып қойды.
Әлем чемпионатының келесі кезеңі Солт-Лейк-Ситиде өтеді.