ШҚО тұрғыны заңсыз шаян тасымалдаған
<p style="text-align: justify;">Күршім ауданының тұрғыны тиісті құжатсыз 6 320 тірі шаянды тасымалдаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Құйған ауылдық округіне қарасты «Қызыл ту» өткелін тексеру кезінде Күршім ауданы ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.
Көлікте салмағы 360 келіден асатын 6 мыңнан астам тірі шаян анықталды. Учаскелік инспекция шығын көлемі 2 миллион теңгеден асқанын хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шаянды бетперде киген бейтаныс бес ер адамнан сатып алғанын айтты. Қылмыскерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», деді ШҚО ПД басшысының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.