Экономика
2 мин оқу 1,000

Бензин бағасы 4%-ға өсті

<p style="text-align: justify;">Жанар-жағармай бағасы ең жоғары қалалар анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;energyprom.kz порталына сілтеме жасап.</p>

Бензиннің ең қымбат бағасы Қостанай, Петропавл және Алматы қаласында тіркелген. 

Келтірілген деректер бойынша, биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда авиабензинді қосқанда 3,7 млн тоннадан астам бензин өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артық.

Мотор отынының экспорты, керісінше, 2022 жылғы қаңтар–тамызда 24 мың тоннаны құрап, 4,2 есе қысқарған. Ал ішкі сауда көлемі 8,4% өсіп, 3,3 млн тоннаны құраған.

е

Жылдық бағаның өсуі - 4% құрады. Өңірлер ішінде бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан (5,5%), Павлодар (5,1%) және Батыс Қазақстан (4,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,8%-ға) байқалған.

Бағаның ең аз өсуі Ақмола (бір жылда 2,2%) және Маңғыстау (2,6%) облыстарында тіркелген.

п

2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бөлшек сауда бағасы 179 теңгені құрады. АИ-95/96 маркалы бензиннің литрі 211 теңге, АИ-98 232 теңге болды.

Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 184 теңге), Астанада (литріне 182 теңге), Жезқазғанда (литріне 182 теңге) және Қостанайда (литріне 182 теңге) сатылды.

Ең қымбат АИ-95/96 бензині Қостанай (литріне 222 теңге), Петропавл (литріне 217 теңге) және Алматы (литріне 215 теңге) қалаларында сатылды.

АИ-98 маркалы бензин Павлодар (литріне 242 теңге), Қостанай (литріне 238 теңге) және Алматы (литріне 235 теңге) қалаларында қымбаттады.

Бөлісу:
Бензин бағасы 4%-ға өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар