Қоғам
1 мин оқу 150

Қостанайда заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы бойынша Қаржы мониторинг агенттігі 7 млн теңгеден астам сомаға алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цех қызметін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және тағы басқалары тәркіленді. Тергеу әлі де жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қостанайда заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар