Кино
1 мин оқу 330

«Мұқағалидың» жеңісі

<p style="text-align: justify;">Болат Қалымбетов түсірген &laquo;Мұқағали&raquo; фильмі Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Таяу Шығыс, Азия және Африка кино өндірісін қамтитын Meta Film Fest жаңа халықаралық кинофестиваль 27 қазанда Джумейра Пальмасындағы Nakheel Mall-дағы Vox Cinemas кинотеатрында басталған еді. Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.</p>

«Мұқағалидың» жеңісі

Байқау бағдарламасына «Мұқағали», «Ұлы дала таңы», «Ақын» және «Конокрады» атты төрт қазақстандық фильм таң­далған болатын. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» кинокартинасы ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бо­йын­ша Ш.Айманов атындағы «Қа­зақфильм» киностудиясы түсірді.

Айта кетейік, киноның сце­нарийін жазушы Жүсіпбек Қорғас­бек режиссер Болат Қа­лым­бетов пен Ғазиз На­сы­ров бірлесіп жазды. Фильм қазақстандық прокатқа 2021 жылдың 21 қазанында шыққан болатын. Ал әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті. Онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқа­сының жүлдесіне ие болды. Би­ыл наурыз айында өмір­баян­дық картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «Әлемдік кино» секциясында ұсынылды. Одан бөлек жуырда «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алды. Сон­дай-ақ фильм Гатчинадегі (Ресей) «Әдебиет және кино» Халық­аралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтеге­нов­тің үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болған еді.

Бөлісу:
«Мұқағалидың» жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар