Саясат
1 мин оқу 230

Әйелдің мүмкіндігі мол

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті.</p>

Әйелдің мүмкіндігі мол

Үміткер бәріне үлгеріп, табыс тауып, бала өсіріп, салт-дәстүрді сақтап, ірі кәсіпорынның жүгін көтеріп жүрген әйелдерді мақтан тұтатынын атап өтті.

– «Гауһар» – оңтүстіктегі жеңіл өнеркәсіптің флагманы. Мұнда жұмыс киімі, мектеп формасы мен тоқыма бұйым­дары әдемі әрі сапалы тігіледі. «Қазақстанда жасалған» деп мақ­танышпен айта алатын өнім­нің қалай жасалып жатқанын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай ірі әрі танымал кәсіпорынды әйел адам бас­қарып отырғаны, тіпті үлкен мақ­таныш. Көпшілік әйелдің табыс­­ты көшбасшы бола алаты­нына сенбейді. Бірақ мен се­не­мін! Әйелдің қолынан бәрі келе­ді: зауытты да, үлкен ұжым­дарды да, тіпті бүкіл елді де бас­қара алады. Әйел-ана бір қолы­мен бала тербетсе, бір қолы­мен әлемді тербетеді», деді С.Тұрсынбекова.

Кәсіпорын басшысы Әнипа Халбаева ұжымды кандидатты қолдауға шақырды. «Әйелдердің Президент болуға құқығы бар!» деді ол.

Сондай-ақ фабрика бас­шылығы кәсіпорынның са­лық­тың көптігі, білікті кадрлар­дың тапшылығы, тұрақ­сыз сала және арнайы оқу орын­дарының жетіспеушілігі сияқ­ты мәселелерге тоқталды. Ке­йін ашық әңгіме барысында тігін­шілер ұсыныстары мен сауал­дарын ортаға тастады. Әйелдер қазақстандықтардың табыс теңсіздігіне алаң­дайтыны туралы айтты.

Бөлісу:
Әйелдің мүмкіндігі мол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар