Қоғам
1 мин оқу 182

Қалдықты қажетке жарататын кешен

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жасыл даму&raquo; АҚ қатты тұрмыстық қалдық&shy;тарды бөлек жинаудың инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында Өскеменде заманауи сұрыптау желісі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, &laquo;Жасыл даму&raquo; АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және Грекияның &laquo;Sabo&raquo; компаниясының өкілдері қатысты.</p>

Қалдықты қажетке жарататын кешен

Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешеннің жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды. 2020 жылдың желтоқсанында сұрыптау желісін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес құрылғыларды «Sabo» компаниясы – орнатушы, «ӨКМ Операторы» – қаржыландырушы және Өскемен қаласының әкімі жабдықтарды қабылдаушы ретінде мәміле жасалған болатын.

Бүгінгі таңда «Жасыл даму» АҚ «ӨКМ Опе­раторы» кезінде қолға алынған міндеттемелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кету керек, тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол картасы аясында Өскемен қаласына 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып әперілген болатын.

Бөлісу:
Қалдықты қажетке жарататын кешен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар