Спорт
1 мин оқу 125

Алғашқы кезеңде күміс алды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Канаданың Монреаль қаласында ұйым&shy;дастырылған шорт-тректен биылғы Әлем кубогінің алғашқы кезеңі мәре&shy;сіне жетті. Командалық эстафетада финалға шыққан Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді.</p>

Алғашқы кезеңде күміс алды

Бес мың метр қашықтыққа жарысуда Қазақстан құрамасының шорт-трекшілері биыл Бейжіңде өткен қысқы Олимпия ойын­дарының жеңімпазы мен жүлдегерлері – Канада (Олимпиада чемпионы), Корея (күміс) және Италия (қола жүлдегер) спортшыларымен сайысқа түсті. Үздіктермен бір деңгейде өнер көрсеткен жерлестеріміз мәре сызығын екінші болып қиып, Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды (7:07.972). Бас жүлдені Корея құрамасы жеңіп алды. Олардың уақыт көрсеткіші – 7:01.850. Қола жүде Канада спортшыларына бұйырды. Ал Қазақстан мен Канада спортшыларына қарсы ойын ережесін бұзғаны үшін Италия құрамасы жарыстан шеттетілді.

Айта кетейік, шорт-тректен алғашқы Әлем ку­богінде Қазақстан құрамасы сапынан Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ға­лиахметов пен Денис Никиша өнер көрсетті. Әлем кубогінің екінші кезеңі 4-6 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қала­сында өтеді.

Бөлісу:
Алғашқы кезеңде күміс алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар