Теннис
1 мин оқу 180

Рейтингте жоғарылап келеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Күні кеше Кәсіби теннисшілер қауым&shy;дас&shy;тығы (ATP) мен Әйелдер теннис қа&shy;&shy;уым&shy;дастығы (WTA) спортшылардың рей&shy;тингін жариялады. Қазан айындағы нә&shy;ти&shy;же бойынша Қазақстан ерлер құра&shy;ма&shy;сы&shy;ның өкілдері рейтингте жоға&shy;рылап келеді.</p>

Рейтингте жоғарылап келеді

Мәселен, ерлер арасындағы еліміздің бірін­ші ракеткасы Александр Бублик Базель­дегі турнирдің ширек финалына жеткені үшін 70 рейтингте ұпай жинап, 38-орыннан 36-сатыға көтерілді. Сонымен қатар «Челенд­жер» турнирлерінде тәуір өнер көрсеткен Тимофей Скатов пен Бейбіт Жұқаев та өз рейтингтерін жақсартып алды. Қазіргі таңда Скатов 141-ші, Жұқаев 321-орында тұр. Өкі­нішке қарай, Михаил Кукушкин (235), Денис Евсеев (287), Дмитрий Попко (324) және Григорий Ломакин (938) әр апта сайын рейтингте төмендеп барады.

Ал әйелдер арасындағы рейтингте қазақ­стандықтардан Елена Рыбакина өз орнын сақтап қалған болса, қалған теннисшілеріміз төмен қарай сырғыды. Атап айтқанда, Гвада­лахарадағы (Мексика) турнирдің екінші айналымында сүрінген Рыбакина 22-орында қалса, Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 54-орынға жайғасты. Жібек Құламбаева (442) алғашқы ТОП-500 теннисшінің қатарында қалса, Зарина Диас ТОП-1000 теннисшінің ішінен шығып қалды. Жарақатына байланысты жарты жылдан аса кортқа шықпаған Диас 1040-орында тұр.

Бөлісу:
Рейтингте жоғарылап келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар