Қоғам
1 мин оқу 2,690

Шілде айындағы демалыс күндері ауысуы мүмкін

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;2023 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы&raquo; Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру», делінген құжатта.

6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі.

Осылайша, 2023 жылғы шілдеде қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демала алады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері үш күнді құрайды.

Негіздемеде айтылғандай, демалысты ауыстыру мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.

Құжат 15 қарашаға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Бөлісу:
Шілде айындағы демалыс күндері ауысуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар