Елорда
1 мин оқу 370

Астана оқушылары үшін ерекше сабақтар ұйымдастырылды

<p style="text-align: justify;">Астана мектептерінде &laquo;Музейдегі оқу күні&raquo; мәдени-білім беру жобасы енгізілді. Ол оқушыларға Қазақстан тарихын ҚР Ұлттық музейінде де зерттеуге мүмкіндік береді. Жоба теориялық білімді бекітуге бағытталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

л

«Музейдегі оқу күні» жобасына 5-9 сынып оқушылары қатысады. Жобаға кезең-кезеңімен Астананың барлық мектептері қосылады. Қазақстан тарихы бойынша сабақтар мұражайдың экспозициялық залдарында өтеді. Бір дәрістің ұзақтығы-35-45 минут. Сабақтың тақырыбы мен мазмұны оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді.

о

«Балалар біздің тарихымызды мұражай экспонаттары арқылы зерттейді, бұл балалар үшін де, тәрбиешілер үшін де тамаша мүмкіндік. Бұл формат мектеп оқушылары үшін қызықты және материалды тезірек игеруге мүмкіндік береді. Ғалым-зерттеушілер, ҚР Ұлттық музейінің экскурсоводтары тарих мұғалімдерімен бірлесіп геймификация элементтерін пайдалана отырып интерактивті сабақтар өткізеді», деп атап өтті ҚР Ұлттық музейінде.

«Музейдегі оқу күні» мәдени-білім беру жобасы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласы білім басқармасының және ҚР Ұлттық музейінің балалар жылы аясындағы бірлескен жоба.

Бөлісу:
Астана оқушылары үшін ерекше сабақтар ұйымдастырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар