Қоғам
1 мин оқу 346
Алматыда он екі жыл іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматыда он екі жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қылмыскерді ұстау үшін Маңғыстау облысы департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қалаға аттанды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыс жасаған БҚО тумасы 54 жастағы әйел 12 жылдан бері іздеуде жүрген. Осы уақыт ішінде ол Алматы қаласында тұрды. Жалған құжат пайдаланғандықтан оны ұстау мүмкін болмады», делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда алаяқ Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу: