Хоккей
1 мин оқу 170

«Барыс» хоккей комадасы «Сибирь» клубын жеңді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матчта Астаналық &laquo;Барыс&raquo; хоккей комадасы өз алаңында&nbsp;&laquo;Сибирь&raquo; командасымен ойнады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Sports.kz жазғандай, Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды. Олар: Гудачек (Бояркин) - Бекетаев-Грэм, Луи-Вей-Савицкий; Гайтамиров-Ножье, Бракко-Сагадеев-Петухов; Мищенко-Григорьев, Максимов-Гурков-Шестаков; Сергиенко, Әсетов-Гусейнов-Қайыржан.

Ойынның бірінші кезеңінде Джереми Бракко «Барыс» командасын алға шығарды. Екінші кезеңде ресейлік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылып, нәтижесінде ойынның 33-минутында «Сибирь» хоккейшісі Вячеслав Основин гол соқты. Ойынның 58-минутында «Барыс» сапынан Линден Вей гол соқса, 59-минутта Кирилл Савицкий қорытынды есепті қорытындылады.

Осылайша «Барыс» қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

3 қазанда «Барыс» өз алаңында «Адмирал Владивосток» клубымен кездеседі.

Бөлісу:
«Барыс» хоккей комадасы «Сибирь» клубын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар