Мейкатон мүмкіндігі
<p style="text-align: justify;">Жуырда Астана қаласы Жастар саясаты мәсе­ле­ле­рі басқармасы «Ас­тана жастары» жастар ресурс­тық орта­лығымен бірлесе отырып тұрақты ұйым­­дастырушысы «Қа­зақ­стан­дағы Тель-Авив уни­верситетінің достар қауым­дастығы» заңды тұл­ға­лар бір­лестігі болып келе жатқан «TOM: Astana» әлеуметтік жобасы бойынша PreTOM мей­­ка­тоны­ның бірінші кезеңін өткізді.</p>

Қазақстанның әр қаласынан 10 команда қатысып, қолданысқа бейімді түпүлгілер арналып жасалатын мүмкіндігі шектеулі адамдармен танысты. Жобаға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі адамдармен бірге екінші кезеңде жүзеге асыруға тура келетін жобалары мен идеяларының алғашқы нобайларын жасады. Атап айтқанда, жүгіруге арналған тізеден жоғары аяқ протезі; механикалық мүгедектер арбасына арналған электр тіркемесі; следж хоккей жаттығуларына арналған шаналар; қашықтықта бөгеулерді анықтап белгі беретін, кеңістікте көзі көрмейтіндерді бағдарлайтын құрылғы; қысқы мерзімде жылжуға арналған мүгедектер арбасының дөңгелектерін бейімдеуге мүмкіндік беретін көмекші құралдар және т.б. Бірінші кезеңнен соң командалар бір ай бойы шығыс материалдарын сатып алуға арналған тізімді жасаумен айналысса, мейкатонның екінші кезеңінде командалар өздерінің түпүлгілерін құрып, жасауға кіріседі. Сондай-ақ қазылар алқасы алдында таныстырады.