Аймақтар
1 мин оқу 455

Қонаевта шабақтар қырылды

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында шабақтардың жаппай <a href="https://www.instagram.com/reel/Ckc3hwPodEj/?utm_source=ig_embed&amp;ig_rid=f7807a94-ef49-4f6d-a3b8-28cd874c6132" target="_blank" rel="noopener noreferrer">қырылғаны</a>&nbsp;бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған факті бойынша Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, қала әкімдігі, экология департаменті және қорық қызметі өкілдерінен құралған ведомствоаралық комиссия құрылды.

1 қарашада оқиға орын алған су қоймасына 30 мыңнан астам шабақ шығарылғаны белгілі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қатты дауыл кезінде шабақтардың бір бөлігі жағаға шығып қалған.

Ведомствоаралық комиссияның құрамына табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері де кіретінін атап өту керек.

Бөлісу:
Қонаевта шабақтар қырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар