Аймақтар
1 мин оқу 190

Шымкент тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалды

<p>Шымкент тұрғыны алаяқтың уәдесіне сеніп, 2 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Зардап шегушінің айтуынша, досы оған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде еткен. «Қызметі» үшін жәбірленушіден 2 миллион теңге алған. Ал біраз уақыттан кейін уәде орындалмай, ақша қайтарылмаған.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелген.

Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Шымкент тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар