Астанада велосипед маусымы аяқталды
<p style="text-align: justify;">Астанада «Velobike» велопрокатының велосипед маусымы 15 сәуірден 31 қазанға дейін созылды. Биыл жаңа пайдаланушылар саны 93%-ға өсіп, 10 мың адамға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> CTS-ке сілтеме жасап.</p>
Биылғы велосипед маусымында астаналықтар 8000-нан астам абонемент сатып алды. 500 000-ға жуық прокат жасалды.
Сонымен қатар велосипед маусымы басталғаннан бері велошеринг қолданушылары жалпы қашықтықты 1 млн км-ден астам жүріп өткен.
«Қала тұрғындары мен қонақтары үшін 1000 велосипед пен 155 велостанция қолжетімді болды. Осы кезеңде бір қолданушы 8104 км жүре алды, бұл өткен жылғы рекордтан 8% артық. Ең белсенді велошерушілер мамыр мен маусым айларында болды – жүрілген жолдың жалпы километрі ай сайын шамамен 219 500 км құрады», деп жазылған хабарламада.