Қоғам
2 мин оқу 340

Тұлға тағылымы

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында &laquo;Ұлты үшін туған ұлы тұлға &ndash; Мұстафа&raquo; атты тағылымды кеш өтті. Оған Парламент депутаттары Нұртөре Жүсіп, Қазыбек Иса, Түркиядағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдуақап Қара, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір қатысты.</p>

Тұлға тағылымы

Алдымен қонақтар мектеп мұра­жайындағы түркі әлемінің айтулы тұлғасының саяси көз­қарасының қалып­тасуына әсер еткен тари­хи оқиғалар мен шет­елде эми­гра­цияда жүрген кезеңдегі қоғамдық қызметі туралы баяндаған деректермен танысты. Одан соң қайраткердің өмірі мен сая­си жолы және Түр­кістан, Түр­кия, Франция елде­рін­дегі тағдыры мен сонда көр­ген қиындықтары туралы жаз­ған туындысынан үзінді тама­шалады.

Іс-шара дөңгелек үстел мә­жілісі форматында өткендік­тен мектеп оқушылары қонақ­тар­мен еркін әңгімелесіп, олар­ға ұлт күрескерінің өмірі мен сая­­си қызметі туралы сұрақ­та­рын қойып, тұшымды жауап алды.

– Мұстафа Шоқай түркі дүниесінің ұлы тұлғасы саналады. Оның дәлелі ретінде, биыл Түркияның Мәдениет министрлігі «Түркияның 100 ұлы тұлғасы» арнайы сериясын бастады. Осы серияның ал­ғашқы томдығына Мұстафа Шоқай еніп отыр. Сонымен қатар Францияда қайраткерге ескерткіш қойылып, саябақ ашылды. Сондықтан біз осындай ұлы тұлғаларымызды ұлық­тай білсек, оның еліміз үшін де, ұрпағымыз үшін рухани пай­дасы зор болады, – деді шоқай­танушы ғалым Әбдуақап Қара.

Сондай-ақ Нұртөре Жүсіп, Қазыбек Иса, Әбдіжәлел Бәкір және тағы басқа да зия­лы қауым өкілдері ардақты азаматтың қайраткерлігі мен күрескерлігі туралы парасатты ой қозғады. Содан кейін тағылымды шара мектеп ұжы­мы дайындаған әдеби-сазды кешке ұласып, онда оқушылар көрнекті тұл­ға өмірінен шағын көрініс қойып, оның жары Мария Шоқайдың монологін оқыды. Кеш соңында аталған білім ордасына Мұстафа Шо­қай есімінің берілуіне байланыс­ты шығарған мектептің жаңа әнұраны орындалды.

Бөлісу:
Тұлға тағылымы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар