Спорт
1 мин оқу 280

Күміс алтынға айналса игі

<p style="text-align: justify;">Ертең АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қа&shy;ла&shy;&shy;сында шорт-тректен Әлем кубо&shy;гінің екінші кезеңі басталады. Юта шта&shy;тындағы жарыста Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да бақ сынайды.</p>

Күміс алтынға айналса игі

Атап айтқанда, ерлер бәсекесінде Аб­зал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Ерке­бұлан Шамұханов және Антон Хван жүлделі орын­дарға талас жүргізсе, әйелдер құрамасынан Алина Әжіғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Алена Волковицкая, Анастасия Астраханцева және Ольга Тихонова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Канаданың Монреаль қаласында мәре­сіне жеткен Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы 5 шақырымдық эстафета жарысында күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Жігіттеріміз Канадада еншілеген күмісті АҚШ-та алтынға айналдырса деген тілегіміз бар

Бөлісу:
Күміс алтынға айналса игі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар