Хоккей
1 мин оқу 241

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралмен» мұз алаңға шығады

<p style="text-align: justify;">Бүгін елордалық &laquo;Барыс&raquo; Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының үй сериясы аясында Владивостоктан келген &laquo;Адмирал&raquo; командасымен кездеседі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айта кетсек, бұл командалардың осы маусымдағы екінші бетпе-бет кездесуі. 13 қазанда өткен бірінші кездесуде қазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Владивосток командасы жақсы ұпай жинап келеді, бұл хоккейшілердің турнирлік жағдайына әсер етті. 

«Барыс» 1 қарашада «Сібір» командасын өз алаңда қабылдап, 3:1 есебімен жеңді. Жеңіс шайбаларын Джереми Бракко, Линден Вей және Кирилл Савицкий соқты.

«Барыс» – «Адмирал» жекпе-жегі Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады.

Бөлісу:
ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралмен» мұз алаңға шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар