Қаржы
1 мин оқу 161

Доллар 3 теңгеге қымбаттады

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,96 теңгеге көтеріліп, 463,60 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 қарашадағы ресми бағамы 1 долларға - 460,56 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 464,83 теңгеден сатып алынып, 468,24 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 465,83 теңге, сату – 469,65 теңге. 

Бөлісу:
Доллар 3 теңгеге қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар