Теннис
1 мин оқу 190

Жас теннисшілер Түркияда сәтті өнер көрсетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисшілер Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық Жанель Рүстемова бастапқы кездесуін Түркия өкілі Лейла Елмазға қарсы өткізіп, 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді екінші айналымда жас теннисші жарыстың 5-ші ракеткасы, ресейлік Анна Урекемен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова үш сетке созылған тартысты бәсекеде швейцариялық Катерина Цыгурованы 5:7, 7:5, 6:4 есебімен ойсырата жеңді.

«Ширек финалға жолдама алу үшін Аружан швециялық Юлия Локвистпен кездеседі. Ол сонымен қатар жұптық сында да сәтті өнер көрсетіп келеді. Сағындықова тайбэйлік Ю-Юн Лимен бірге чехиялықтар Изабелла Хензова – Луча Застерованы 6:2, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды», делінген ҚТФ хабарламасында.

Ал Сандуғаш Кенжебаева алғашқы айналымда жекелей сында чехиялық Дениса Хардинковаға 1:6, 1:6 есебімен есе жіберді.

Бөлісу:
Жас теннисшілер Түркияда сәтті өнер көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар