Қоғам
1 мин оқу 200

Елден заңсыз бензин шығармақ болғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны &laquo;жанармай қоспасы&raquo; деген желеумен жалпы құны 54 млн теңге 165 тонна көлемінде елден заңсыз әкету фактісін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сондай-ақ 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға жөнелтілгелі тұрған тұсынан ұсталды.

«Жалпы аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды. Бұрын сатылған бензиннің құны - 54 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді», делінген ведомство ақпаратында.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Елден заңсыз бензин шығармақ болғандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар