Ауа райы
1 мин оқу 394

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер өз ықпалын сақтайды, осыған байланысты күзгі тұрақсыз ауа-райы әлі де сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 7-8 қарашада елдің оңтүстік облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік жартысында қарлы боран, тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел күтіледі. 7 қарашада республиканың батысында солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын - шашын тоқтайды деп күтілуде», делінген «Қазгидромет» синоптиктерінің хабарламасында.

Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар