Спорт
1 мин оқу 130

Кирилл Герасименко Еуропа чемпионын сан соқтырды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Словенияның Нова-Горицада қаласында үстел теннисінен WTT Contender Nova Gorica 2022 халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.</span></p>

Қазақстандық Кирилл Герасименко 1/16 финалда екі дүркін Еуропа чемпионы португалиялық Маркуш Фрейташпен кездесті.

Матч қазақстандық спортшының  жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін 4-6 қараша аралығында Ақтөбеде үстел теннисінен халықаралық турнир өтетіні белгілі болды. Онда Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары өнер көрсетеді.

Медальдар ерлер, әйелдер, сондай-ақ 2010 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы жеке және жұптық жарыстар үшін ойнатылады.

Бөлісу:
Кирилл Герасименко Еуропа чемпионын сан соқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар