Президент
1 мин оқу 210

«Самұрық-Қазынаның» ірі активтері халыққа жария болады - Президент

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломаттарды 70 млрд доллар активтері бар әлемдегі ең ірі 30 тәуелсіз қордың қатарына кіретін &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; Қорымен белсенді өзара іс-қимыл жасауға шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

«Қазіргі уақытта Қор ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған кешенді трансформациядан өтіп жатыр. Осы тұрғыда басты бағыттардың бірі - «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік активтерін жекешелендіру. Ұлттық мұнай компаниясы, әуе тасымалдаушысы және теміржол компаниясы сияқты Қордың ең ірі активтері жақын арада жария болады. ҚазМұнайГаз - біздің ұлттық мұнай чемпионымыз осы күзде Қазақстанда IPO өткізеді», деді Президент.

Айта кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысы дипломатиялық корпуспен кездесулерді екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жақсы дәстүр деп атады.

Бөлісу:
«Самұрық-Қазынаның» ірі активтері халыққа жария болады - Президент · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар