Ауа райы
1 мин оқу 303
Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, республикада тұман болады, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте – аздаған қарлы боран, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – көктайғақ күтіледі.
«Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады», делінген Қазгидромет болжамында.
Бөлісу: