Аймақтар
1 мин оқу 185

Петропавлды қар басып қалды

<p style="text-align: justify;">Петропавлда жұма күні кешке қалың қар жауа бастады. Сенбі күні қалада қарлы боран мен көктайғақ болды, соның салдарынан жолдарда оннан астам апат орын алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазір Петропавл көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қалалық қызметтер дереу жолдарды қардан тазартуға кірісті.

«Өкінішке орай, ауа-райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте қалада 14 жол-көлік оқиғасы орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа-райы нашарлады, көшеде көктайғақ бар. Сондықтан жолдарда абай болуға шақырамын», деді қала әкімі Руслан Анбаев.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, таңғы сағат 8-ден бері жол-көлік оқиғасы туралы бес хабарлама келіп түскен.

Бөлісу:
Петропавлды қар басып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар