Оқиға
1 мин оқу 190

Алматы маңында жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 5 қарашада Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 33 шақырым жерде Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 7.9. MPV магнитудасы - 3,6. Эпицентр координаттары 42,91° солтүстік 76,95° шығыс. Тереңдігі - 15 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.

Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар