Қарлы боран салдарынан «Астана-Петропавл» автожолы жабылды
<p style="text-align: justify;">Қарлы боран салдарынан «Астана-Петропавл» автожолының 367-473 шақырым аралығы (Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі учаске) жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне <a href="https://t.me/qazavtojol/461">сілтеме</a> жасап.</p>
«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты СҚО-да көліктің барлық түрі үшін сағат 22:00-ден бастап А-1 «Астана-Петропавл» автожолының 367-473 шақырым аралығы (Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі учаске) жабылды.
Күре жолдағы ахуал ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан өңіріндегі филиалының бақылауында. 20 бірлік арнайы техника мен 25 жолшы маман қызметте», делінген ведомство хабарламасында