Спорт
1 мин оқу 180
Адема Серікбай семсерлесуден әлем кубогының қола жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Алматыда семсерлесуден World Cup Almaty Jastar Saber Cup 2022 турнирі басталды. Жеке жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Адема Серікбай жеңіс тұғырында үшінші орынды еншіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала жекпе-жектерден сәтті өткен Адема ширек финалда Өзбекстан спортшысын 15:9 есебімен жеңді.
Алайда жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші Оңтүстік Кореядан келген Ким Наэден жеңіліс тапты. Жеңіліске қарамастан, Адема әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бөлісу: