Қазақстан
1 мин оқу 4,830

Мәсімов пен Садықұлов ісі сотқа өтті

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратура қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекіткенін&nbsp;мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданған.

«Айыпталушылар ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімов  және ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары А.Т. Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) туралы баптар бойынша сотқа берілді», делінген Бас прокруратура таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Е. Ерғожин да билікті күшпен басып алғаны (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша айыпталып жатыр.

Айыпталушылар қатарында ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары М.С. Осипов пен  ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары Д.М. Акипов, және  ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы Н.К. Бекмурат та бар. Оларға қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған.

Айта кетейік, қылмыстық іс «өте құпия» белгісімен тергелген және сотпен де осы тәртіпте қаралатын болады.

Бөлісу:
Мәсімов пен Садықұлов ісі сотқа өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар