Аймақтар
1 мин оқу 490

«Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры жаңартылады

<p style="text-align: justify;"><span class="selectable-text copyable-text">Ресеймен шекаралас Қиғаш өзенінен басталып, екі облыс аумағынан өтетін &laquo;Астрахан-Маңғышлақ&raquo; су құбырын жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бүгінде бұл су құбыры Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушыларын сумен қамтамасыз етудің жалғыз орталықтандырылған көзі. 

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі су құбырының максималды өнімділігі – тәулігіне 110 мың текше метр екенін айтады.

«Қайта жаңғырту жобасы аясында су құбырының өнімділігі тәулігіне 170-200 мың текше метрге дейін ұлғайтылады. Іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдарға жоспарланған», деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Бөлісу:
«Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры жаңартылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар