Президент
1 мин оқу 260

Каспий итбалықтарының қырылу себебі анықталады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуінде итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуын анықтау үшін Каспий теңізінің айдыны мен жағалауында зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізу керектігін айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекет басшысы ол үшін үкімет өкілетті органдарды теңізде жұмыс істеуге қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге тиістігін және Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажеттігін атап өтті. 

«Браконьерлер балықтың көбеюіне кесірін тигізіп, теңіздің экожүйесіне зардап келтіріп жатыр. Каспий теңізінің тартылуы – айрықша өзекті мәселенің бірі. Теңіз деңгейі 2005 жылдан бері бір метрден аса төмендеп кеткеніне бәріміз куәміз. Судың тартылу себебі мен оның салдарын жан-жақты зерттеу керек. Осы орайда, Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, Үкімет Каспий жағалауында орналасқан өзге мемлекеттердегі әріптестерімен тығыз жұмыс істеуі керек», деп түйіндеді Президент.

Бөлісу:
Каспий итбалықтарының қырылу себебі анықталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар