Президент
1 мин оқу 190

Маңғыстаудағы көлік-логистика әлеуетін арттыру керек - Президент

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент Маңғыстау -  Қазақстанның көлік-транзит стратегиясында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мұнда азық-түлікті экспорттау және импорттау мүмкіндігін кеңейткен жөн. Сондай-ақ, өңірдің көлік-логистика әлеуетін арттыру керек. Транзиттік тауарлардың бір бөлігін ішкі нарыққа бағыттап, азық-түлік бағасын төмендетуге болады. Алпауыт елдердің бір-біріне санкция салуы жағдайды қиындатып тұр. Шетелдік серіктестерімізбен бірге ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар салу мәселесін қарастыру қажет. Сосын одан шыққан дайын тауарды қайтадан экспорттауға болады.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін еліміздің басқа өңірлерінен Маңғыстауға жеткізу маңызды. Үкімет мұндай тауарларды осы жаққа тасымалдау үшін «айрықша төмен тариф» енгізу жайын пысықтасын», деді Тоқаев. 

Бөлісу:
Маңғыстаудағы көлік-логистика әлеуетін арттыру керек - Президент · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар