Жаңалықтар
1 мин оқу 252

Ортақ шешімдер қабылданған отырыс

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төраға­лығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста аталған сыйлықтың дәрежесін көтеру және нығайту, шетелдерде осындай марапаттарды тағайындау тәжірибесі туралы мәселелер қаралды. Қаралған мәселе бойынша ортақ шешімдер қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға алда атқарылар жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берілді.
Бөлісу:
Ортақ шешімдер қабылданған отырыс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар