Үкімет
1 мин оқу 230
Әлихан Смайылов Мысырда өтетін жаһандық конференцияға қатысады
<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Әлихан Смайылов Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитіне қатысуға Шарм-эш-Шейх қаласына барды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің расми парақшасына сілтеме жасап. </p>
Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің жұмысына 120-дан астам елдің өкілдері қатысады. Мемлекет және үкімет басшылары климаттың өзгеруінің ең өзекті мәселелері бойынша өз елдерінің көзқарасын білдіретін «ұлттық үндеу» жасайды.
Саммит аясында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде.
Бөлісу: