Қазақстан
1 мин оқу 530

Каспийге 54 итбалық қайтарылды

<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметімен бірлесіп Каспий теңізінің акваториясындағы браконьерлік қылмыстардың жолын кесуге және табиғи әр алуандықты сақтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰҚК баспасөз қызметіне <a href="https://t.me/KNB_kz/931" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Бірлескен іс-шаралар барысында теңіз кеңістігінде 68 жүзу құралын мінген 153 құқық бұзушы ұсталды (шекаралық тәртіпті бұзғандар – 79, аймақтық және ішкі сулар тәртібін бұзғандар – 71, мемлекеттік шекара тәртібін бұзғандар - 3).

«Ұзындығы 400 шақырымға жуық браконьерлік жолмен балық аулауға арналған тор және 17 мың ілмек алынды. Табиғи тіршілік ортасына 946 бекіре тұқымдас және 5 321 ұсақ тұқымдас балық түрлері мен 54 итбалық қайтарылды», делінген ведомство хабарламасында.

Іс-шара нәтижесінде 1,82 миллиард теңге көлеміндегі залалдың алды алынды. Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғандарға 3,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бөлісу:
Каспийге 54 итбалық қайтарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар