«Астана» футбол клубының бас директоры тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Арслан Беспаев «Астана» ФК Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> клубтың <a href="https://www.instagram.com/p/CkpmdVWM-uc/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">баспасөз қызметіне</a> сілтеме жасап. </p>
Бұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген. 2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейін «Астана» футбол клубының бөлімдерінің бірінде басшылық қызметте болды.
Еске салсақ, Арслан Қуанышбекұлы осы уақытқа дейін клубта атқарушы директор қызметін атқарған.