Президент
1 мин оқу 370

Атырау облысында 432 үй апатты жағдайда тұр

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Атырау облысының инженерлік инфрақұрылымын дамыту – күрделі мәселе. Мұнда тұрғын-үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бірақ, ескі үйлер әлі де көп», деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін құрылыс жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

«Көп қабатты тұрғын-үйлердің төрттен бірі, яғни 432 үй апатты жағдайда тұр. Үкімет Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, бұл мәселені шешуге тиіс. Сондай-ақ апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін құрылыс жұмыстарын жандандыру қажет», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Атырау облысында 432 үй апатты жағдайда тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар