Қаржы
1 мин оқу 434

Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464,01 теңгені құрап, 0,38 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,61 теңгеге дейін өсті (+0,06).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 63,86 теңгені (-0,37) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 463,7 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 465,5-469 теңгеден, еуроны – 463-468 теңгеден, ресей рублін – 7,1-7,3 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 8 қарашадағы сауда-саттық кезінде әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, Brent маркалы қаңтар фьючерстері 0,32%-ға арзандап, барреліне 97,61 долларды құрады.

Желтоқсан WTI фьючерстері барреліне 91,48 долларға дейін 0,34%-ға төмендеді.

Бөлісу:
Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар