Алматы облысында есірткі сақтаған екі ер адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">6 қарашада Қонаев қаласы ПБ ЖПҚБ және ОКПБ қызметкерлерімен Chana көлігі тоқтатылды. Автокөлікті тінту барысында салмағы 15 келіден асатын марихуана өсімдік тектес заты тәркіленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қонаев қаласы Полиция басқармасының полицейлері есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттік тасымалдау арналарын жабу, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтаумен және таратумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауда.