Спорт
1 мин оқу 170

Әлемдік дода Алматыда өтеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) рапид пен блицтен биылғы әлем чемпионаты 25-30 желтоқсан күндері Алматыда өтетінін ресми түрде растады.</p>

Әлемдік дода Алматыда өтеді

Былтыр шахматтың дәл осы түрлері бойын­ша дүниежүзілік дода Польшаның астанасы – Варшавада ұйымдастырылған еді. Блицтен өткен бәсекеде Бибісара Асаубаева (14 ұпай) бас жүлдені олжалап, барша қазақстандық жанкүйерді қуаныш пен шаттыққа бөледі. Ерлердің тартысы франциялық Максим Вашье-Лагравтың жеңісімен аяқталды. Рапид­тен әйелдер арасындағы сайыста ресейлік Александра Костенюк (9,0 ұпай) алтыннан алқа тақты. Одан небәрі 0,5 ұпай қалып қойған Асаубаева күміс медаль иеленді. Ер­лердің бәсекесінде өзбекстандық Нодирбек Аб­ду­сатторов алдына жан салмады.

Осы жарыста да жерлестеріміз барынша табысты өнер көрсетеді деп үміттенеміз.

Бөлісу:
Әлемдік дода Алматыда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар