Түркістанда әкімдік қызметкері тұрғынды балағаттаған
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының тұрғындары Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне шағым түсірді. Желіде тараған видеоға қарағанда, әкімдік қызметкері мәселесін айтып келген әйел адамға дөрекі сөйлеген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Түркістандық белсенді жариялаған бейнероликте аудан әкімдігінің қызметкері Қ.Жаналиев жергілікті тұрғын Г.Тиналиеваға қатысты мәдениетсіздік танытып, дөрекі сөйлегенін көруге болады.
«Сайрам ауданының әкімдігі халықпен қалай сөйлесу керектігін біле ме өзі? Мемлекеттік қызмет этикасына сай келмейтін сөздермен әйелдің намысына тиіп тұрғандай. Осы видеодан түйгенім: Жаңа Қазақстан Сайрам ауданына әлі келмеген сияқты. Халық облыс әкімі тұрмақ, аудан әкімінің маңына жолай алмай жүргенде, ашықтық туралы әңгіме айтудың өзі артық, деп жазды А.Айтаханова есімді қолданушы.